ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды (Видео)
pexels.com
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 11 қаңтарда облыста қолайсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан елді мекендерден тыс сапарларды кейінге қалдыруды сұрайды.
-Егер сапарға шығу қажеттілігі туындаса, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы нашарлаған жағдайда жақын маңдағы елді мекендерге немесе ұйымдастырылған тұрақтарға тоқтаған жөн. Бағытыңыз туралы туыстарыңызға хабар беруді ұмытпаңыз. Қатты жел кезінде ғимарат ішінде болғаныңыз дұрыс. Үй қабырғаларының жанында, аялдамалар мен жарнама тақтайшаларының маңында, ағаштардың астында тұру қауіпті. Үзілген электр сымдарына жақындамаңыз және көлікті ескі немесе шіріген ағаштардың қасына қоймаңыз. Кез келген төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуға болады,- дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқи отырыңыз