KZ
Өскемен
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Шығыс Қазақстан құрамасы волейболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

10.01.2025, 19:20 594 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 4-11 қаңтар аралығында Өскемен және Екібастұз қалаларында волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Турнир барысында жасөспірім ұлдар мен қыздар командалары өз шеберліктерін көрсетіп, үздіктерді анықтады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында өткен жарыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды. Ал Екібастұз қаласында 2012-2013 жылы туған қыздар арасында өткен чемпионатта Шығыс Қазақстан облысының жас волейболшы қыздары да жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында ұйымдастырылған 2010-2011 жылы туған қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 18 команданың ішінен 3-орынға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу