Фристайлшыларымыз жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді
Өскемен теміржол вокзалында ерекше іс-шара өтті. Атап айтсақ, жергілікті спортсүйер қауым жақында фристайлдың могул түрінен мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлерін қарсы алды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Естеріңізге салайық, жаһандық додаға қатысқан жас спортшыларымыз Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы сайыста күміс медальға ие болған-ды. Бұл чемпионат біздің елде, Алматы қаласының іргесіндегі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында ұйымдастырылғанын айту керек.
Кешкі уақытқа қарамастан, бұл күні спортшыларды қарсы алуға келгендердің қарасы көп болды. Әлбетте, арасында байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымыздың жақындары да бар еді.
Осы жеңістің арқасында ел құрамасының қоржынындағы шығысқазақстандықтар салған медальдардың саны үшеуге дейін жетті. Естеріңізде болса, бұған дейін ұлттық құраманың беткеұстары Анастасия Городко бір алтын мен бір күміс медаль жеңіп көзге түскен болатын.
Бұл күні дүбірлі додадан елге оралған спортшылардың өздері болса, қатты шаршаса да, бақытты екендерін жасыра алмады.
Әріптесінің бұл сөзіне Денис Раструба да қосылып, жарыстың басынан аяғына дейін жанкүйерлердің қолдауын сезінгенін жасырмады.
Жаһандық додадан олжалы оралған жас фристайлшыларымыз сәл тынығып, одан кейін алдағы байрақты бәсекелерге дайындықтарын бастамақ.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: Аяужан Утеулинова