Фристайлдан Әлем Кубогы: Галышева күміс, Рейхерд қола жүлдегер атанды

Канаданың Калгари қаласында фристайл-могулдан әлем Кубогының кезекті бір кезеңі аяқталды. Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Екеуіне де өскемендік спортшылар қол жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оның бірі – Юлия Галышева. 80,69 ұпаймен «күміске» ие болды. Алтын жүлде франциялық Перрин Лаффонның еншісінде болса, «қоланы» канадалық Жюстин Дюфор-Лапуант алып қалды.
Ал Дмитрий Рейхерд 84,19 ұпай жинап, қоланы қанағат тұтты. Алтын медальді канадалық Микаэль Кингсбери жеңіп алса, швед Уолтер Уолбергке бұйырды.
Оқи отырыңыз