Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады
pexels.com
2025 жылы Қазақстан азаматтары үшін әлемнің түрлі елдеріне визасыз сапарлар жасау мүмкіндігі кеңеймек,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengri Travel агенттігіне сілтеме жасап.
2024 жылы Қазақстан Макао, Вьетнам және Таиландпен визасыз режимдер бойынша келісімдер жасасты. Енді бұл елдерде визасыз болу мерзімі 60 күнге дейін ұзартылды. Қаңтар айында Сент-Китс және Невис елімен де визасыз режим туралы келісімге қол қойылып, тізімге қосылғанымен, келісім әлі күшіне енген жоқ. Сонымен қатар Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режимді енгізу жоспарланып отыр, ол Қазақстан азаматтарына 30 күндік визасыз сапар жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан азаматтары үшін визасыз сапар жасауға болатын елдер тізімі:
14 күнге дейін:
• Гонконг
• Оман
• Иран
• Макао
30 күнге дейін:
• Аргентина
• Әзербайжан
• Бразилия
• Вьетнам
• Доминикан Республикасы
• Қатар
• Қытай
• Оңтүстік Корея (K-ETA электронды рұқсаты арқылы)
• Куба
• Малайзия (MDAC электронды миграциялық картасы арқылы)
• Мальдив аралдары
• Никарагуа
• Намибия
• БАӘ
• Сан-Марино
• Сейшел аралдары
• Сербия
• Тунис
• Филиппин
• Эквадор
60 күнге дейін:
• Таиланд
• Доминикан Республикасы (тек туристік мақсатта)
90 күнге дейін:
• Албания
• Андорра
• Гаити
• Колумбия
• Молдова
• Моңғолия
• Ресей
• Түркия
• Украина
Ұзақ мерзім:
• Грузия – 1 жылға дейін
• Армения – 6 айға дейін
• Сент-Винсент және Гренадин – 6 айға дейін
Визаны ұшақпен келген соң алуға болатын елдер:
• Замбия
• Индонезия
• Маврикий
ТМД елдеріндегі ерекшеліктер:
• Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан – 30 күннен кейін миграциялық тіркеу қажет
• Өзбекстан – 5 күннен кейін тіркеу талап етіледі
Маңызды кеңестер:
- Шарттарды алдын ала тексеріңіз, кейбір елдер қосымша талаптар қоюы мүмкін.
- Белгіленген мерзімнен аспау маңызды, себебі айыппұлдар немесе шектеулер қолданылуы мүмкін.
- Паспорттың жарамдылық мерзімі мен қажетті беттер санын тексеруді ұмытпаңыз.