Өскеменде жылу температурасы уақытша төмендейді
"Шығыс Жылу" АҚ Өскемен қаласы тұрғындарына жылу беру жүйесіндегі уақытша өзгерістер туралы хабардар етті.
Кәсіпорынның мәліметінше, №14 қазандық агрегатының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты УКТЭЦ жылу көзінен берілетін жылу тасымалдағыштың температурасы уақытша төмендеуі мүмкін. Бұл жағдай 2025 жылдың 15 қаңтардың таңына дейін жалғасады.
«Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуды сұраймыз», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Сонымен қатар, "Шығыс Жылу" мамандары жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталатынын және жылу жүйесінің тұрақтылығы үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз