KZ
Өскемен
-4°
снег жел 2 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Бірқатар нотариаттық қызметті онлайн алуға болады

24.01.2025, 11:40 1 135 Төлеуғазы Жансая

«Цифрлық нотариат» жобасы аясында бірқатар нотариаттық қызмет онлайн-форматқа ауыстырылды. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Амирханов мәлім етті,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мәселен, сенімхатты рәсімдеу, нотариус кеңесі, мәміле жасауға ерлі-зайыптылардың келісімін алу сынды басқа да қызмет түрлерін онлайн жасатуға болады. Брифингке қатысқан басқарма басшысының орынбасары осылай деді.

– Мұның бәрі Әділет министрлігі мен цифрлық даму министрлігі бірлесіп жүзеге асыратын «цифрлық нотариат» пилоттық жобасының арқасында мүмкін болды, – деді Айдын Амирханов.


Ажар Мұратқызы

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу