Адам папиллома вирусына қарсы вакциналау басталмақ
dinastiy.ru
Осы күзден бастап өңірімізде адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны 11 жастан бастап 11 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі қыз балаларға салады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлім етті, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.
Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Брифингке қатысқан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары осылай деді.
"Әлемдегі оң тәжірибені ескере отырып, біздің үкімет Ұлттық егу күнтізбесіне адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды енгізді. Соған байланысты бізде АҚШ-та шығарылған Гардасил вакцинасы қолданылады. Вакцинаны баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімін алған соң бірақ егеді", – деп қортындылады Сәуле Слямғазина.