KZ
Өскемен
-20°
туман жел 2 м/с, З
515.31 533.96 5.3

Өскеменде «Жарқыл» әскери патриоттық ойынының алғашқы кезеңі басталды

Бүгін, 10:00 61 Төлеуғазы Жансая

Өскелең ұрпаққа азаматтық,  патриоттық тәрбие беруде  – «Жарқыл» әскери патриоттық ойынының құндылығы жоғары. Қаладағы жалпы білім беретін №24  мектепте әскери патриоттық ойынның бірінші кезеңі өтті. Алғашқы кезең де шахардағы қырықтан аса мектеп оқушылары кім мықтыны анықтады. Шара  Өскемен қаласының құрметті азаматы, интернационалист жауынгер Шаров Владимир Ивановичті және де тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді еске алуға арналды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Патриоттық сарындағы байқаудың ашылу салтанатында ауған соғысының ардагерлері, білім саласының мамандары, сондай-ақ Таулы Қарабақ қақтығысының және Ұлттық ұлан ардагері  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі отставкадағы полковник  Айдар  Оразбаев  қатысты. Ардагер оқушыларға сәт-сапар тілеп, жылы лебізін жолдады.  

 - Құрметті оқушылар біз ауған соғысының, сонымен қатар тәжік-ауған соғысы ардагерлерін әрқашан құрметтеуіміз қажет. Өйткені, олардың өлшеусіз ерлігі   ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Менің ойымша, әскери-патриоттық ойындар оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырады, - дейді ардагер.  

Сайыс барысында оқушылар пневматикалық мылтықтан ату,  қаруды бұзып шашу,  экстремальды жағдайларда алғашқы медициналық көмек беру сонымен қатар парашютті ашып, жинау бойынша сынға түсті. Сайысқа қатысушылардың бірі Ислана Бауыржанқызы. Оқушы үшін әскери патриоттық сайыстың ерекше әсер сыйлайды.

- Бүгінгі сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жарқыл» сайысына деген іріктеу деп білемін. Мен бұл жарысқа қатысу барысында толқыныс үстінде болдым. Өйткені, әскери патриоттық сайыста алғашқы рет бағымды сынаудамын, -  дейді №15 мектептің оқушысы Ислана Бауыржанқызы. 

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды №19 мектептің оқушылары бірінші орынға қол жеткізді. Қатысушыларға арнайы мадақтама қағаздары мен кубоктар табысталды. 


«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу