ШҚО құтқарушылары май зауытындағы өртті сөндірді
![](/kz/uploads/posts/2025-02/dcd53f26-135b-45b9-b23a-52a8b39bf071.webp)
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Предгорное ауылында май зауыты аумағында өрт шықты. Түтін өндірістік ғимараттың 4-ші мен 6-шы қабаттарына тарады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай кезінде зауыт қызметкерлері ғимараттан дер кезінде эвакуацияланды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Жедел әрекеттің нәтижесінде өрт 50 шаршы метр аумақта шектеліп, зауыттың негізгі жабдықтары аман сақталды.
Құтқару жұмыстарын ШҚО ТЖД Өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі Денис Львов үйлестірді.