KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Шемонаихада тұрғын үй өртенді – ШҚО

Фото: gov.kz

16.10.2023, 11:00 172

Шемонаиха ауданындағы Коневка ауылында тұрғын үйдің шатыры өртенді.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде өрт үйдің шатырына, оған жапсарлас көмір үйге, отын сақтайтын қора мен шаруашылық мақсатта салынған құрылысқа жайылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт сөндіру жұмыстарын ғимараттың отқа төзімділігі төмен материалдан салынуы, басқа ғимараттарға жақын орналасуы қиындата түскен. 187 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндіруге 10 өрт сөндіруші қатысты. Жалынды сөндіруге 3 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. ШҚО ТЖД болжамына сәйкес, өрттің шығуына электр құрылғыларын орнату мен пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындамау себеп болған.

Өрт шыққан жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарласу қажет.               

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив