ШҚО-да нәрестені перзентханадан шығарып алудың шарттары қиындай түсті
Шығыс Қазақстанда перзентханадан нәрестені шығарып алу үшін, отбасы мүшелерінің барлығы анықтама әкелуі тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулезге қарсы вакцинасының уақытша болмауына байланысты осындай шешімге келді.
– Денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған жүкті әйелдер перзентханаға жатқан кезде, барлық отбасы мүшелерінің туберкулезге қарсы тексеруден өткендігі туралы анықтамасы болуы тиіс. Бұл жаңа туған нәрестелерді қорғау үшін жасалған шара, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасы.
Мамандардың айтуынша, туберкулез иммунитеті анадан балаға берілмейді. Тек сыртқа ортадан жұғуы мүмкін. Сондықтан жаңа туған нәресте перзентханадан шыққаннан кейін барынша қорғалуы тиіс.