Дауылды ескерту: ШҚО ТЖД ескертеді
«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 10 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады, ал таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Желдің бағыты – солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға аймақтан шығуды жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруды ұсынады.
- Қандай жолдардың жабылуы мүмкін екенін нақтылаңыз. Ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасынан қарауға болады. Егер белгілі бір елді мекенге бару қажеттілігі туындаса, пойызбен жүруді таңдаған жөн, бұл боранда жолда қалып қою немесе жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін едәуір азайтады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз