KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
509.63 592.34 6.54

Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен соқтығысты: экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан

Polisia.kz

10.02.2025, 13:30 757 Төлеуғазы Жансая

Семейде жүк көлігі мен полиция қызметтік автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу