Мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты – Өскемен

21 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Қазақстан көшесі, 154г ауданында жеңіл көлік пен мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына мотоцикл жүргізушісі кінәлі болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 1993 жылғы мотоцикл жүргізушісі Мыза көшесінен келе жатып, алда тұрған Toyota көлігін айналып өтпек болған, алайда маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісінің аяғы сынып, 2001 жылы туған жолаушы тізесінен жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты.
Мотоцикл жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.