KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Аязға байланысты кейбір мектептер қашықтан оқуға ауысты

Бүгін, 07:00 82 Төлеуғазы Жансая

Алтай, Күршім, Марқакөл және Самар аудандарында қолайсыз ауа райына байланысты кейбір мектептердегі сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.  

Алтай ауданында ауа температурасының -30°C дейін төмендеуіне байланысты «Новокрестьянка бастауыш мектебінің» 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.  

Күршім ауданында ауа температурасының -22...-29°C дейін төмендеуі және кей жерлерде 2 м/с-тан жоғары желге байланысты «Алғабас орта мектебінің» 0–4 сынып оқушылары екі ауысым бойынша қашықтықтан оқуға ауыстырылады.  

Марқакөл өңірі

Ауа температурасының -28...-30°C дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы келесі мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді:  
- «Ұрунхай орта мектебі» – 2–9 сыныптар  
- «Марқакөл орта мектебі» – 2–4 сыныптар  
- «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» – 2–4 сыныптар  
- «Шағанат бастауыш мектебі» – 2–4 сыныптар  

Самар ауданы, М. Жұмабаев атындағы негізгі мектептің ғимаратындағы температура 15,5°C болғандықтан, 2–9 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу