KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Өнер ордасының 70 жылдығы: мерейтойлық шаралар басталды

11.02.2025, 19:30 601 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер училищесінің" құрылғанына биыл 70 жыл толады.

Осы мерейлі мерекенің бастамасы ретінде Өскеменде "Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру" атты республикалық семинар-практикумы өткізілді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекелік жиын училищенің оқытушылары жетекшілік еткен «Дәстүрлер – халық шығармашылығының жанды арқауы» атты театрландырылған концертпен жалғасты. Концерт шымылдығы қазақ халқының әсем әнімен түрілсе, одан әрі елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің өнерімен өрнектелді. Кеш барысында көрермендер орыс, татар, әзірбайжан, молдован, чуваш және басқа да халықтардың ән-биін тамашалады.

Кештің ерекше сәттерінің бірі – жүргізушілердің ЛЭД экран арқылы жасанды интеллектке сан алуан сұрақтар қоюы болды. Бұл арқылы жиналғандар әлем халықтарының дәстүрі, ұлттық қолөнер ерекшеліктері және мәдени мұрасы туралы қызықты мағлұматтарға қанықты.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл оқу орны Қазақстанның мәдениет саласына көптеген талантты мамандарды даярлап шығарды. Бүгінде олардың арасында елге белгілі әртістер, дирижерлар, музыка және театр қайраткерлері бар.

Айта кетейік, училищенің 70 жылдық мерейтойын ресми түрде атап өту биылғы жылдың күзіне жоспарланған.

Серік Құсанбаев
Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу