ШҚО драма және оперетта театры гастрольдік сапарын бастайды (Видео)
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры алғашқы гастрольдік сапарына қызу дайындық жүргізуде. Театр ұжымы 14 ақпан күні Семей қаласындағы Абай атындағы театр сахнасында Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсын көрермен назарына ұсынбақ.
Altainews.kz редакциясы театр ұжымының дайындық барысын анықтап білді. Театр режиссерінің ассистенті Абай Қайырбектің айтуынша, шығармашылық ұжым жоғары дайындық деңгейін көрсетуде.
Театр солисі Қадыхан Манайұлы гастрольдік сапардың маңыздылығын атап өтті.
1964 жылы жазылған «Айсұлу» комедиялық операсы - ұлттық музыка өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың бірі. Композитор Сыдық Мұхамеджанов бұл шығарманы белгілі опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Айсұлу Байқадамоваға арнап жазған. Айсұлу Байқадамова сол кезде осы операның басты партиясын орындап, көрерменнің жоғары бағасына ие болған еді.
ШҚО драма және оперетта театрының алғашқы гастрольдік сапары ұлттық опера өнерін дәріптеуге арналған маңызды қадам болмақ.