KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО драма театры Ресейдегі қазақ ауылдарын аралап келді

5.04.2019, 06:28 207

ШҚО драма театр ұжымы көршілес Алтай аймағына гастрольдік сапармен барып келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Баршаға мәлім, шекараның арғы жағында (Ресейде), Қосағаш деген ауылда қарагөз қандастарымыз өмір сүріп жатыр. Өнер керуенін қуана қарсы алған олар рухани байып, тілдік қорлары молайып қалғанын ерекше айтып өтіпті.

– Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөнінде 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша, 1-3 сәуір аралығында біздің ұжым Алтай аумағы Қос ағаш ауылында болды. Онда белгілі драматургтер Б.Мұқай мен М.Ахмановтың «Сергелдең болған серілер» және «Екі дос немесе делдал қарға» атты туындылары сахналанды, – деп жазды фейсбук желісінде театрдың қызметкері Шолпан Лақаева.

театр

Айтуынша, бұл сапар Ресейдегі «театр жылымен» сәйкес келген екен.

– Мұндай іс-сапарлар театр ұжымдарының тәжірибе алмасуына, бір-бірінің мәдениетін жете түсінуіне зор көмек. Шекаралас аймақтарға гастрольдік сапарлау – елдер арасындағы тіл және рухани байлықты сақтауға көп себепкер екені белгілі, – дейді Шолпан Лақаева.

сиета

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив