ШҚО-да су тасқынына дайындық шаралары жүргізілуде
![](/kz/uploads/posts/2025-02/photo_5290007169061743229_y.webp)
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта каналдардың бас құрылыстары жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдер тексерістен өтті. Су қоймаларында су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізіліп, нысандар қардан тазартылуда. Көктемде, қажет болған жағдайда, қорғаныс бөгеттерін күшейту бойынша жер жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдардың қоры дайындалды.
Ақпан айында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, филиалдың су шаруашылығы нысандарының тасқынға дайындығы бойынша тексеріс ұйымдастырылады.
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі