KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық бойынша комиссия жұмысы басталды

17.02.2021, 16:33 158

4 топтың құрамында ШҚО ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы және мүдделі органдар көктемгі су еруге дайындық деңгейін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысындағы барлық тасқын қауіпті учаскелерді тексеруде. 

«Көктем маусымындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына» және «Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасын жүзеге асыруға сәйкес көзделген шаралар егжей-тегжейлі тексеріледі. 

Шығыс Қазақстан аудандарындағы су тасқынын болдырмас үшін жағалауды бекіту және бөгеттердің түбін тереңдету,жөндеу, арнаны түзету жәе өзге де жұмыстарды тексеріледі. Сонымен қатар комиссия су тасуы кезінде азаматтарды уақытша орналастыру орындарының дайындығын, ЖЖМ қоры, инертті материалдар мен техниканың жағдайын да қадағалайды.

4.jpg
Тасқын қауіпті орындарды тексеру нәтижесі бойынша комиссия «үлкен судың» қаупін барынша азайту бойынша ұсыныстар береді.
«Казгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстандағы қар жабынының биіктігі 7-ден 56 см дейін.        
Шығыс Қазақстанда көпжылғы синоптиктердің болжамына сәйкес облыста өзендердің тасуы әдетте наурыздың екінші онкүндігіненбастап маусымның екінші жартылысына дейін жалғасады. Су деңгейінің көтерілу қарқындылығы және беткейлерде қар еруі ауа температурасының күрт жоғарылауына және жауын жаууы себептен артуы мүмкін.

5.jpg
Жақын күндері ШҚО әкімдігінде төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы болады, онда тасқынға қалай қарсы тұру бойынша барлық негізгі мәселелер қарастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу