KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Мұзтауда мертіккен турист тікұшақ арқылы эвакуацияланды – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД

30.07.2024, 11:15 865 Ержан Әбіш

Зардап шеккен әйел Өскеменге жеткізілді. ШҚО ТЖД-ның мәліметінше, 1973 жылғы әйел туристік топтың құрамында болған. Мұзтау шыңының етегінде ол аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмай қалады.

­– Құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері «Қазавиақұтқару» тікұшағымен жедел оқиға орнына жетті, – деп хабарлайды ТЖД.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп, Өскеменге жеткізілді. Қалада ол «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу