Өскеменде ұландықтар Ауған соғысының ардагерлерін ардақтады
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Ауған соғысының ардагерлерін ардақтады. Ұландықтар Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай 5518 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырды. Тағылымды кешке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Атабек Салықбаев, «AMANAT» партиясының өкілдері және өңірдегі ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер және әскери қызметшілер қатысты.
Мерейлі кеш мейманы жалынды жастық шағын от пен оқтың арасында сарп еткен жауынгерлердің бірі Сейітқазы Шәкенов.Тағылымы мол кешке қатысқан ауған соғысының ардагері сахна төріне шақырылды. Интернационалист-жауынгер соғыс жылдарында есте қалған оқиғаларымен бөлісті.
Шара барысында ұландықтар қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен ерлерге алғыс хаттар табыстаса, кеш меймандарына өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы қарыжылай сыйлықтар ұсынды. Шара соңында концерттік қойылымдар сахналанып, ардагерлер қауымы ұландықтарға абыройлы жауынгерлік қызмет тіледі. Әскери қызметшілердің пікірінше, сұрапыл соғыстың салқын лебі бүгінгі күнде айрықша мәнге ие екендігін жете түсініп тарқасты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі