ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде (Видео)
2025 жылдың 18-21 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шараның басты мақсаты – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осыған байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар тасжолдардың ерекше апатты учаскелерінде патрульдік нарядтар саны көбейтіледі.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол жүру ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар. Өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ міндетіміз,- дейді ШҚО ПД өкілдері.
Оқи отырыңыз