KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОБ
522.38 612.6 6.54

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге үндеу жасады - ШҚО

17.09.2023, 13:00 337 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да “Абайлаңыз, балалар!” кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы  әлі де жалғасуда.

Сондықтан ШҚО ПД мамандары жүргізушілерге жол жүру қағидаларын қатаң сақтауларын сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

“Абайлаңыз, балалар!” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты - оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту.

- Сіздерден жол қозғалысының кәмелетке толмаған қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру қағидаларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Профилактикалық шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу