Былтыр ШҚО тұрғындары МӘМС қорына не үшін шағымданды?

Pexels.com
Өткен жылы медициналық сақтандыру қорының филиалына мыңнан астам шағым түсті, оның ішінде 1047 жағдайда азаматтар медициналық ұйымдардың жұмысына көңілі толмайтынын білдірген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалының директоры Данияр Исенов мәлімдеді.
2025 жылы халықпен кері байланыс үшін негізгі байланыс арналары 1414 байланыс орталығы, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы, Денсаулық сақтау министрлігі мен Қордың ресми сайттары болып қала береді.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы медициналық сақтандыру қорының басты міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау екенін атап өтті. Сондықтан тұрғындар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Қорға жүгінеді. Түскен шағымдар ерекше бақылауда болады.
Ержан Әбіш