KZ
Өскемен
+12°
пасмурно Штиль
442.05 474.14 4.74

ШҚО-да 600 адам емхананы өзі еркін таңдап, тіркелген

sputnik.kz

9.12.2023, 18:32 346 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстанда жыл сайынғы емханаларға тіркеу науқаны аяқталды, ол 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтті. 

ШҚО бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Данияр Исеновтің айтуынша, өңір бойынша тіркеу науқанына 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары қатысты, оның ішінде 13 - қалалық жеткізушілер және 12 - аудандық медициналық ұйымдар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

- Өткізілген науқанның нәтижесі бойынша, өңірде тіркелген халық саны 734 499 адам болса, оның ішінде 600-ден астам адам тіркеу науқанының мүмкіндіктерін пайдаланды. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын қызмет көрсеткен АМСК ұйымында тіркеуде болады, - деді Данияр Исенов ӨКҚ баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артты.

- Қор филиалы жұмысының басты бағыттарының бірі - бұл халықпен кері байланыс және пациенттердің құқықтарын қорғау. 1 қаңтардан 31 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қор филиалына 741 шағым келіп түсті, барлық өтініштер қаралып, талқыланды, - деп толықтырды спикер.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив