KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

27.01.2025, 19:00 209 Төлеуғазы Жансая

Өткен апта қазақстандық спорт үшін табысты нәтижелермен есте қалды. Елордада өткен жеңіл атлетика турнирінде жерлестеріміз екі қола жүлдеге қол жеткізсе, Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада студенттеріміз 14 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фристайл-могулдан Юлия Галышева АҚШ-та ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде жүлделі орынға ие болды. Ал Ресейдегі әйелдер күресінде өткен жарыста қазақстандық палуандар алтын, күміс және қола жүлде жеңіп алды.

Жағажай волейболынан Шри-Ланкада өткен орталық Азия чемпионатында әйелдер арасында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко үздік деп танылды, ал ерлер арасындағы жұп қола жүлдемен оралды.

Парижде өткен WKF каратэден Премьер-лига жарысында спортшыларымыз 5 медаль еншілеп, өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетті. Конькимен жүгіру спорты бойынша Канаданың Калгари қаласындағы Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте қола жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде теннисшіміз Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында жеңімпаз атанды.

Бұл нәтижелер қазақстандық спорттың қарқынды дамып келе жатқанын және халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу