Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Фото: Аяужан Утеулинова
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 22 мың оқушыға арналған 28 жаңа мектептің құрылысы басталады. Бұл білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған Қор мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған және жемқорлардан тәркіленген қаражатпен толықтырылады. Оның негізгі мақсаты – жаңа мектептер салу арқылы орын тапшылығын жою және апатты жағдайдағы білім ошақтарын ауыстыру.
Қазіргі таңда Қор есебінен 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан. 2024 жылы 25 мектеп салынған, олардың басым бөлігі Астана қаласы мен Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында. Барлық жаңа мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жалпы, Қор есебінен 100 мыңға жуық оқушыға арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.