ШҚО-да қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 27 ақпанда өңірде қар жауып, боран соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің бағыты – оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Елді мекендерден шықпауға, жолда қозғалыс кезінде жылдамдық пен арақашықтықты сақтауға. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз