KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
501.28 526.19 5.86

ШҚО құтқарушылары Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шараларын өткізді

Бүгін, 11:00 84 Гульжан Мусина

Алғыс айту күні – игі істер мерекесі. Бұл мереке мұқтаж жандарға көмек көрсету, достық қарым-қатынас орнату және қамқорлық жасау секілді ізгі амалдармен ерекшеленеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне қамқорлық танытып қана қоймай, Алғыс айту күні мерекесінде де өз жылулықтары мен қамқорлықтарын көрсетті.

Облыстың әртүрлі аудан, қалаларында төтенше жағдай қызметкерлері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барып, аулаларын қардан тазалап қайтты. Кейбір құтқарушылар көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізді. Сонымен қатар, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестердің отбасылары да назардан тыс қалмады. ТЖ қызметінің зейнеткерлеріне арнайы барып, құрмет көрсетілді.

- Құтқарушылар өз үлгісімен ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттарына қайырымдылық жасауды үйретіп, оларды да мейірімділік акциясына тартты. Курсанттар су тасқыны қаупі бар аймақтағы үйлердің аумағын тазалап, осылайша егде жастағы тұрғындарға көктемгі маусымға дайындалуға көмектесті, - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу