KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

ШҚО-да Алғыс айту күні қалай атап өтіледі?

26.02.2023, 13:14 388 Оразай Жеңісұлы

Облыстық қоғамдық даму басқармасының өкілдері өңірде Алғыс айту күні қалай атап өтілетінін айтты.

Мереке қарсаңында қалалар мен аудандардағы мәдени ошақтарда, Достық үйлерінде бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

96 ауқымды акция, түрлі концерттер мен челлендждер ұйымдастырылып, оқу орындарында іс-шаралар жүргізіледі.

– Бұл күні қайырымдылық акцияларына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Қамқорлық», «Қарттарды ардақтайық!», «Алғыс айту – парызым» атты іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі саладағы азаматтарды, азаматтық және еңбек тұрғысында ерлік жасаған адамдарды құттықтаймыз. 22 ақпанда әлеуметтік желілерде «Алғысымыз шексіз» және «Біздің арамыздағы батырлар» челлендждері басталып кетеді, – басқарма басшысы Жанат Мекеева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу