Самарлықтар «Қоржын» қайырымдылық акциясын жалғастырды
Облыстық Жастар ресурстық орталығы «Қоржын» қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Бұл бастаманы өзге аудандармен қатар самарлық жастар да жалғастырды.
Алғыс айту күніне орай өтіп жатқан қайырымдылық акциясына Самар аудандық Аналар кеңесі, Самар аграрлық техникалық колледжі, «Каскад-Н» ЖСШ және Жастар ресурстық орталығының белсенділері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Самарлық жастар бірнеше күннен бері акция аясында көмекке мұқтаж жандарға қоржын таратып жүргендерін әлеуметтік желіде жазды.
– 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Қоржын» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Осы бастама аясында бірнеше отбасына қоржын таратылды, – деп жазды Самар жастары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қайырымдылық акциясын өзге аудандар да жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз