KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Өскеменнің 20-шы шағын ауданында көше шамдары орнатылды (видео)

28.02.2025, 14:00 677 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласының қарқынды дамып келе жатқан 20-шы шағын ауданындағы Жерұйық көшесінің тұрғындары бірнеше жылдан бері көше жарығының жоқтығына шағымданып келген еді. Кешкі уақытта оқушылар мен егде жастағы адамдар үшін жүру қауіпті болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Кэмонт» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің шағын ауданымызда үйлер саны күн сайын артып келеді, қазір олардың саны жиырмадан асты. Бірақ бағаналар орнатылғанымен, жарық шамдары болмаған еді, – дейді Жерұйық көшесінің тұрғыны Әмира Ақшабаева.

Жуырда бұл мәселе шешімін тапты. Тұрғындардың «Кэмонт» АҚ-на жасаған өтінішінен кейін көшеге 19 заманауи жарық шамы орнатылды. Қазір түнгі уақытта көше әлдеқайда жарық әрі қауіпсіз болды. Сонымен қатар шағын ауданда 60-тан астам жарық шамы жаңартылды.

– Бұрын балаларымыз мектептен қараңғы көшемен қайтатын, ересектер де қорқып жүретін. Біз бірнеше рет тиісті мекемелерге өтініш жасадық. Енді «Кэмонт» компаниясының арқасында көшеміз жарық әрі қауіпсіз болды,– дейді тұрғын Жұлдызгүл Күдербаева.

Өскемен тұрғыны Ақерке Мысырқызы да жарық шамдарының орнатылуы ең алдымен ата-аналарды қуантқанын атап өтті. Өйткені өткен күзде осы көшеде жаңа балабақша ашылған болатын.

– Бұрын бұл жер мүлде қараңғы еді. Қазір балабақшаға бару әлдеқайда қауіпсіз болды, – дейді ол.

Видео: «КЭМОНТ» АҚ баспасөз қызметі

Фото: видеодан скриншоттар

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу