KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
496.71 531.33 5.55

Шығыста тұңғыш рет кілем тоқу және қолданбалы өнер фестивалі өтеді

Фото: pexels.com

Кеше, 17:00 153 Гульжан Мусина

2025 жылғы 6-7 наурыз күндері Өскемен қаласында Халықаралық әйелдер күні мен Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фестивальді Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, облыстық филармония және сәулет-этнографиялық музей-қорығы ұйымдастырады.

Басты мақсат – ұлттық бірегейлікті дәріптеу, халықтық кілем тоқу дәстүрін жандандыру және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету.

7 наурызда ШҚО филармония ғимаратында сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі және шеберлік дәрістері өтеді. Фестиваль 8 наурыз күні мерекелік шарамен жалғасады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтап, диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

Фестиваль жеңімпаздарының жұмыстары музей-қорықтың қор топтамасына қосылады.

Өтетін орны: ШҚО филармониясы, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 43.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу