KZ
Өскемен
-23°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Өскеменде ауа райына байланысты мектептер онлайнға көшті

Pexels.com

7.03.2025, 07:00 706 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар мектептер қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.  

Мәселен, Өскеменде жаңбыр, көктайғақ және 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күшеюіне байланысты 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшті.  

Күршім ауданында ауа температурасының -3°С-тан +2°С-қа дейін күрт өзгеруі және желдің екпіні 20 м/с салдарынан 1 және 2 ауысымдағы сабақтар тоқтатылып, онлайн оқыту енгізілді.  

Қашықтықтан оқытуға көшкен мектептер: 
- "Алғабас орта мектебі" – 0-4 сыныптар  
- "Жолнускау орта мектебі" – 0-4 сыныптар  
- "Қойтас орта мектебі" – 0-4 сыныптар  
- "Қайыңды орта мектебі" – 0-4 сыныптар  
- "Қүйған орта мектебі" – 0-4 сыныптар  

Ұлан ауданында желдің 20 м/с-тан жоғары күшеюі және көктайғақ салдарынан 1 және 2 ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды.  

Қашықтықтан оқытуға көшкен мектептер:  
- "Қанай орта мектебі" – 0-9 сыныптар  
- "Марсеков атындағы орта мектеп" – 0-11 сыныптар  
- "К. Қайсенов атындағы орта мектеп" (К. Қайсенов кенті) – 0-11 сыныптар  

Қалған мектептер штаттық режимде жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу