KZ
Өскемен
-15°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Өскеменде көпбалалы аналар 8 Наурызға орай бір реттік төлемақы алды

7.03.2025, 16:09 856 Төлеуғазы Жансая

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өскеменде көпбалалы аналарға бір реттік әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

15 000 теңге көлеміндегі төлем келесі санаттағы аналарға тағайындалды:
 «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері;
Бұған дейін «Батыр ана» атағына ие болғандар;
 I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегерлері;
Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар.

Қаражат әлеуметтік төлемдер түсетін шоттарға аударылды. Биыл бұл қаржылай қолдаумен 4 630 әйел қамтылды.

Бір реттік көмек қалалық мәслихат сессиясында бекітілген әлеуметтік қолдау көрсету ережелеріне сәйкес жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу