KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-ның өрт сөндірушілері құрғақ жазға дайындалуда

Фото: depositphotos.com

15.05.2024, 23:10 62 Айжанат Бақытқызы

15-16 мамыр аралығында республика бойынша «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда облыстың орман қорының ауданы – 2,9 млн гектар. Оның ішінде 1,6 млн гектар орманды алқап, 13 орман шаруашылығы, 2 қорық және 1 ұлттық саябақ бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен жылы 77 орман өрті болған. Өртенген орман алқабы 502 гектар, материалдық шығын 35 млн 508 мың теңге болды.

 «Осы жылы синоптиктер жаз құрғақ болады деп болжап отыр. Сондықтан өрт сөндірушілер тілсіз жауға алдын ала дайындалып жатыр. Оқу-жаттығудың алғашқы күні департаменттің ахуалдық орталығында штаб ашылды. Өңірде электр дабылдарын іске қосу арқылы ескерту жүйесі тексерілді. Жедел топ басшыларының баяндамалары тыңдалды», - деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив