KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО жолдарында қозғалыс қайта ашылды

pexels.com

12.11.2024, 11:00 62 Төлеуғазы Жансая

«КАЖсервис» ЖШС-нің ШҚО филиалының мәліметінше, 12 қараша күні сағат 07:00-ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлеріне қозғалыс қайта ашылды:

- «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» автожолы: 1123-1191 км (Преғорное ауылынан Шемонаихаға дейін), 1194-1212 км (Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін);
- «Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы» автожолы: 15-105 км (Белусовка кентінен Риддер қаласына дейін).

Сондай-ақ, «ОблШығысЖол» ЖШС мәліметіне сәйкес, 12 қараша күні сағат 09:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Шемонаиха – Секисовка» (0-56 км) жолында жүк көліктері (тіркемесі және жартылай тіркемесі бар) мен жолаушылар автобустары үшін шектеулер алынып тасталды.

Облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • 70-66-66
  • 8-705-798-05-99 (ТОО «Облшыгысжол», диспетчер)

Бұл байланыс арқылы жүргізушілер мен тұрғындар облыстағы жолдардың жағдайы, қолжетімділігі және қозғалыс қауіпсіздігі туралы нақты ақпарат ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу