KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да төрт жол учаскесі жабылды

Бүгін, 17:00 34 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар автожолдар жабылды.  

17:00-дегі жағдай бойынша барлығы төрт жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.  

Республикалық маңызы бар жабық жол учаскелері:
- «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (1013-1048 км, Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылы)  
- «Өскемен – Алматы – Шемонаиха – РФ шекарасы» (1125-1191 км, Предгорное ауылына бұрылыс – Шемонаиха қаласы, 1194-1212 км, Шемонаиха – РФ шекарасы)  
- «Өскемен – Семей» (10-103 км, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы)  

Облыстық маңызы бар жабық жол учаскесі:  
- «Васильевка – Бозанбай – Алғабас – Тарғын» (21-36 км)  

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райының өзгерістерін бақылап отыруға шақырады. Қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу