Өскемен – Тарғын – Самар бағытындағы автожол қозғалысы ашылды

2025 жылғы 12 наурыз күні сағат 07:00-ден бастап Өскемен – Тарғын – Самар автожолындағы қозғалыс қайта жанданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жол ашылғанымен, жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығы мен жол жағдайын ескере отырып, көлік жылдамдығын реттеп, қауіпсіздік талаптарын орындау маңызды. Барлық көлік жүргізушілеріне жолда абай болуды және жол ережелерін сақтауды ескертеміз!– делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Оқи отырыңыз