“Өскемен–Тарғын–Самар” бағытындағы жол қайта ашылды
2025 жылғы 4 қаңтар сағат 08:30-дан бастап облыстық маңызы бар «Өскемен–Тарғын–Самар» автомобиль жолының 88-145 шақырымдары (Жоғарғы Тайынты ауылы – Самар ауылына кіреберіс) барлық көлік түрлері үшін қайта ашылды.
–Алайда, қысқы кезеңде жүк көліктері мен тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар тракторлардың қозғалысына тыйым салынғанын ескертеміз,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз