Өскемен-Тарғын-Самар бағытындағы жол ашылды
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, 2025 жылғы 24 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Өскемен-Тарғын-Самар автожолының 63-145 шақырымдары аралығында (Тарғын ауылынан Самар ауылына кіреберіске дейін) көліктердің қозғалысына рұқсат берілді.
Алайда, қысқы кезеңде жүк көліктері мен кез келген типтегі тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар тракторлардың қозғалысына тыйым салынған.
Жол қозғалысына енгізілген бұл шектеулер көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды. Жүргізушілерден жолда сақтық таныту және белгіленген ережелерді қатаң сақтау сұралады.
Оқи отырыңыз
“Өскемен–Тарғын–Самар” бағытындағы жол қайта ашылды"Өскемен – Тарғын – Самар" автожолында қар көшкінін түсіру жұмыстары өткізілмейдіШҚО-ның тас жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды«Өскемен-Тарғын-Самар» жолы жабылдыҚауіпсіздік – басты назарда: «Өскемен-Тарғын-Самар» жолында қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары жүргізіледі