KZ
Өскемен
-15°
туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Гүлмира Байыркенова: Ел болашағы үшін маңызды бастамалар айтылды

Бүгін, 15:20 79 Төлеуғазы Жансая


Ұлттық құрылтай – қоғамның, экономиканың және құқықтық жүйенің дамуына қатысты негізгі мәселелерді талқылайтын маңызды алаң. Бұл жолы қатысушылар әлеуметтік саясат, білім беру және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту сынды тақырыптарға баса назар аударды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Құрылтай билік өкілдері, сарапшылар мен қоғам арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Байыркенова отырыста көтерілген құқықтық бастамалардың маңызы мен олардың қоғамға ықпалы туралы өз ойын ортаға салды.

– Былтырғы өткен үшінші Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесінде он заң жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Соның ішінде тоғыз заң қабылданып, бүгінде халық игілігіне қызмет етіп жатыр. Бұл – құрылтай шешімдерінің сөз жүзінде қалмай, нақты іске асатынын көрсететін жарқын мысал.
Ал биылғы құрылтай барысында 150-ден астам ұсыныс жиналды. Бұл ұсыныстар да тиісті орындарда қаралып, болашақта ел игілігі үшін жүзеге асырылатынына сенім мол. Ұлттық құрылтай – ел ішіндегі сенімді арттырып, халықтың билікке деген көзқарасын жақсартатын маңызды институт. Ол еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беріп отыр, – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу