KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, З
505.15 550.31 5.89

ШҚО-да 1850 текше метр қар массасы түсірілді

Кеше, 11:00 92 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу мақсатында арнайы бақылаулы түсіру жұмыстары жүргізілді. Бұл аумақтан «Өскемен-Самар» тас жолы өтетіндіктен, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.

Алдын алу шаралары жолдың 132-137 шақырымында орналасқан үш қар жиналу аймағында жүзеге асырылды. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандарының мәліметінше, жүргізілген жарылыс жұмыстарының нәтижесінде түскен қар массасының жалпы көлемі 1850 текше метрді құрады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті көктем мезгілінде қар көшкіні қаупі жоғары болатынын ескертеді. Таулы аймақтарда аса сақ болуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу