ШҚО-да құтқарушылар көшкіннің алдын алуда
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары мониторинг жасап, таулы аймақтарға қар мол түскеніне көз жеткізді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар көшкіні болмас үшін жарылыс жасап, жол бойындағы қырттардың қарын түсірді.
«Қауіпсіздік мақсатында «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар түсіру жайлы шешім қабылданды. Тауда 2 жарылыс жасалып, соның нәтижесінде 2050 текше метр қар түсірілді. Қар жолды толықтай жауып қалды. Бірден қарды тазалау жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, өңірде 497 учаскеде көшкін қаупі бар.
Оқи отырыңыз