KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
505.15 550.31 5.89

Шаңырақ күні: Риддерде 22 баланың тұсауы кесілді 

Кеше, 18:30 143 Әбішев Ержан

Бүгін Риддер қаласының Мәдениет сарайында әрбір сәбидің өміріндегі ең әсерлі әрі маңызды салт-жоралардың бірі — тұсаукесу рәсімі өтті. Салтанатты жағдайда 22 баланың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Сәбилерге ақ батасын беріп, ақсақалдар кеңесінің мүшелері рәсімді өткізді.
Салтты шарадан кейін дәстүр бойынша шашу шашылды. Барлық балаларға мерекелік сыйлықтар таратылды.
Іс-шара демеушілері — Риддер қалалық мәслихатының депутаты Галина Гильдерман мен Риддер қаласы "Аманат" партиясы филиалының төрағасы Әсем Ағажаева. 

Барлық қонақтар "Дударай" ансамблінің өнерін тамашалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу