KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Риддерде АЭС құрылысының маңыздылығы талқыланды

Бүгін, 16:30 30 Айжанат Бақытқызы

24 қыркүйекте Риддер қаласындағы Мәдениет сарайында «Казцинк» ЖШС еңбек ұжымымен «АЭС құрылысының артықшылығы» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпорын ұжымының еңбеккерлерімен «Үлбі металлургия заводы» АҚ ғылыми орталығының бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ольга Корытко және Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев кездесті.

Сарапшылардың пікірінше, атом электр станциялары бірқатар артықшылықтарға ие. Атап айтқанда, АЭС атом энергиясын пайдалана отырып, үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады. Басқа отын түрлеріне қарағанда атмосфераға аз көміртек шығаратындықтан, бұл экологиялық тиімді. Ұзақ мерзімді қуат көзі болғандықтан, тұрақты энергия жеткізуді қамтамасыз етеді. Ең басты артықшылығы – елдегі энергетикалық тапшылықты жеңуге көмектесетіндігі жайлы айтылды.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері атом электр станциясын салуға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив