KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

«Өскеменім» әнінің тұсауы кесілді

сурет редакция архивінен

28.08.2024, 09:41 98 Айжанат Бақытқызы

Шығыстың бас шаһарында қала күнін мерекелеу аясында «Өскеменім» атты жаңа әннің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жаңа әнді тамылжыта орындаған - Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының майталман әншілері Арника Байбусынова, Эльдар Уадинов, Роман Хохлов және Айжан Рахымбекова.

Қаламыздың ерекше рухы мен қайталанбас атмосферасын бейнелейтін есті ән қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша сыйлық болды.

Әсіресе, гүлденген Өскеменнің бүкіл сұлулығын жеткізе білген бейнебаян әсерлі шыққан. 

Бейнеролик әсем қаламызды қоршап тұрған табиғи ландшафтты заманауи қалалық көріністермен үйлестіре отырып, табиғат пен сәулеттің қайталанбас ерекшелігін көрсетеді.

Әннің әрбір сөзі мен бейнебаяндағы қаланың келбетті көркі, сәнді де сәулетті үйлері, зәулім ғимараттары мен жасыл желегі  бейнеленген әр кадры өскемендік тұрғындардың туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін паш етеді. Бұл мақтаныш сезімін қала тұрғындарының қуанышты жүздерінен де байқау қиын емес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу