KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, В
496.41 542.77 6.05

ШҚО-да Бұқтырма өзенінде қар көшкінін түсіру және жарылыс жұмыстары жүргізілді (видео)

Кеше, 08:00 71 Гульжан Мусина

00:00
00:00
00:00
00:00
 

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қар көшкінін түсіру және мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Катонқарағай ауданында қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу үшін беткейлерден қар тазартылып, Бұқтырма өзенінде мұз кептелісі бар учаскелерде мұз ұсақталды.  

"Согорное-Барлық" автожолы бойында екі қар жиналу шоғыры анықталды. Олардың қауіпсіз түсуін қамтамасыз ету үшін профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 4770 текше метр қар массасы түсті.  

Көпжылдық бақылауларға сәйкес, Бұқтырма өзенінде, әсіресе Сенное ауылы маңында мұз кептелісі пайда болып, жағалау аймағын су басу қаупі жоғары. Су арнасы арқылы судың еркін өтуін қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар шамамен 10 000 шаршы метр аумақта мұзды ұсақтады.  

Жүргізілген жұмыстар су тасқыны қаупін азайтуға және көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу